Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

ШҚО-да 10 жол учаскесі жабылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының нашарлауына байланысты ШҚО ТЖД-да төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі штаб құрылды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

ШҚО-да 10 жол учаскесі жабылды

Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істейді, 700-ден астам құтқарушы техникасы дайын.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламаларды «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы тарату жүзеге асырылды.

Е

Өңірде дауыл туралы ескерту сақталады. Қазіргі уақытта автожолдардың 10 учаскесі жабылды:

1.​ ​ ​ Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы

2.​ ​ ​ Герасимовка ауылы-Семей қаласы

3.​ ​ ​ Қалбатау-Қ. Қайсенов

4.​ ​ ​ Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)

5.​ ​ ​ Тарғын-Самар

6.​ ​ ​ Абай облысы – Шемонаиха шекарасы

7.​ ​ ​ Шемонаиха-Секисовка

8.​ ​ ​ Шемонаиха-Үлкен Өзен​ ​

9.​ ​ ​ Өскемен-Таулы Үлбі-Северное (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)

10.Кенсай ауылы-Тасбастау ауылы

Азаматтардың өтініш беруі үшін 55-38-19 телефоны жұмыс істейді.

ШҚО ТЖД Халықты тәуекелге бармауға және елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуға шақырды.