Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023

«Астана-Петропавл» трассасында бір күнде үш жол-көлік оқиғасы болды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының боран-шашынды болуының салдарынан 3 қаңтар күні «Астана-Петропавл» трассасында үш бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана-Петропавл» трассасында бір күнде үш жол-көлік оқиғасы болды

Алдымен, Тайынша ауданының Кременчуг ауылы маңында 38 жастағы астаналық «Hyundai Elantra» автомобилімен Ақжар ауданының 30 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Kiа Rio» автокөлігіне соқтығысты. Оқиға салдарынан «Hyundai» автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.

Осы күні түсте осы жолдың бойындағы Бескөл ауылының маңында Петропавл қаласының 28 және 62 жастағы тұрғындары басқарған «Audi-80» және «Renault Duster» автокөліктері соқтығысты. Соққы алған «Renault» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақаттар алды.

Ал кешке Рощинское ауылы маңында елорданың 38 жастағы тұрғыны «Toyota Alphard» көлігімен аударылған. Ішіндегі төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, ал 9 жастағы қыз бала ауруханаға жатқызылды.

«Барлық жағдайда да жүргізушілердің ішімдік ішпегені анықталды. Тек күрделі ауа райы кезінде жол тәртібін қатаң сақтамағандықтың салдарынан апатқа жол берген», деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.