Теннис • 05 Қаңтар, 2023

Үшінші кезеңге шыға алмады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастағанымен, екінші айналымда жеңіліп қалды.

Үшінші кезеңге шыға алмады

 

Жерлесіміз алғашқы айналымда әлемнің 14-ші, осы жарыстың 5-ракеткасы ретінде тіркелген америкалық Даниэль Коллинзбен кездесіп, үш сетке жалғасқан бәсекеде 5:7, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бірінші партияда америкалық спортшы басым болды – 7:5. Екінші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, таразы басын теңестірсе (6:2), шешуші сәтте Рыбакина қателескен жоқ – 6:3.

Өкінішке қарай, Елена екінші айналымда әлемнің 69-ракеткасы украиналық Марта Костюктің осал тұсын таба алмады. Екі сағат 23 минутқа жалғасқан бәсекеде украиналық теннисші 6:7 (7:5), 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Рыбакина былтырғы турнирде финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін өткен матчта сол кездегі әлемнің бірінші ракеткасы аустралиялық Эшли Бартиден жеңіліп қалған еді.