Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Серік Күдебаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев сотқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Серік Күдебаевқа қатысты іс сотқа жіберілді

«Қазіргі таңда сот С.Күдебаевтың ісін қарап жатыр. Процесс Талдықорған қалалық сотында өтіп жатыр», деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Оның айтуынша, бастапқыда сот жабық есік жағдайында өтуі тиіс болған, кейін «ашылды».

Еске салайық, Серік Күдебаев Алматы полиция департаментін 7 жыл басқарған. 2020 жылы Алматы облысы полициясының басшысы болып тағайындалды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ол қызметінен босатылды.

Бүгін Мәжілісте қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм көрсетілді. Кадрларда сол кезде Алматы облысының полиция басшысы қызметін атқарған Серік Күдебаевтың өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан қарулы күзетшілермен қалай шығып кеткені көрсетілген.

«Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар облыстарда ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен ішкі істер департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық берді. Мысалы, мына кадрлардан Алматы қаласы ІІД бұрынғы бастығының қалай әрекет еткенін көруге болады. Сол кезде комендант болған Серік Күдебаев полиция ғимаратынан шығып кетеді», делінген видеоның сипаттамасында.

Мамыр айында Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысы барын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша жүргізілді.