Парламент • 06 Қаңтар, 2023

Мегаполистің өзекті мәселелері

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарымен кездесу өткізіп, елімізде жүргізіліп жатқан кешенді демократиялық реформалар мен Қазақстанның саяси жүйесін қайта жаңғыртуды талқылады.

Мегаполистің өзекті мәселелері

Кездесу барысында депутаттар Прези­денттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әр­дайым» атты сайлауалды бағдарла­масын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жос­парына жан-жақты тоқталды. Жоспар шең­берінде Мәслихат тарапынан депутат­тық корпустың белсенді және ашық жұмысын қамтамасыз ету үшін бар­лық күш-жігерін жұмсап, қала тұрғын­дарының сұраныстары мен уақыт талаптарын ескере отырып, бірқатар инновация енгізеді.

Мәслихат төрағасы Станислав Канкуров Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сая­сатты іске асыру, бюджет қаражатын тиімді жұмсалуын бақылау және қалалық бағдарламаларды орындау­ды қамтамасыз ету, азаматтардың ұсыныстарын қарастыру және проблемаларын шешу, қаланың жүйелік проб­лемаларын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мегаполисті одан әрі дамыту жөнінде бастамалар дайындау Мәслихат жұмысындағы басты басымдықтар болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында Алма­ты қаласының бірқатар экономикалық, әлеу­меттік және экологиялық пробле­масы талқыланды. Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарына ерекше қажет­тіліктері бар адамдар үшін бұқара­лық спорт­ты дамыту, дәрілік препарат­тарға бағаны төмендету, ақыл-есі кем бала­ларға мүгедектік тағайындау тетігін қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы туралы мәселелерді шешуде қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 22 желтоқсанда Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Агломерацияларды дамыту туралы» заңын, сондай-ақ оған ілеспе түзетулер пакетін қабылдап, Президентке қол қоюға жолдаған болатын. Жаңа 2023 жылдың 1 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Агломерацияларды дамыту туралы» заңға қол қойды. Осыған байланысты депутаттар еліміздегі ірі Алматы агломерациясын дамыту үшін Сенат пен Мәслихат депутаттарының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.