Футбол • 06 Қаңтар, 2023

Роналду Азияны таңдады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Португалия ұлттық құра­масының ойыншысы, бес дүркін «Ал­тын доп» иегері Криштиану Ронал­ду карьерасын Азия құрлығында жалғас­тырады.

Роналду Азияны таңдады

Әдетте, футбол жұлдыздары Еуропадағы миссиясын аяқтағаннан кейін карьерасын АҚШ немесе Азия клубтарында жалғас­тырып жатады. Әлемнің ең танымал футболшысы Криштиану Роналду да өз таңдауын жасап, Азия футболында өнер көрсететін болды. Ол Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен екі жарым жылдық келісімшарт жасасты. Португалиялық футболшы жылына 200 млн еуро жалақы алады.

Айта кетейік, даңқты футболшы кезінде «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентус» клубтарында доп тепті. Ол былтырғы әлем чемпионатына дейін ағылшындық клубта ойнап, кейіннен командамен келісімшартын бұзған болатын.