Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы 13 салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Атап айтар болсақ, Бангкок шаршы алаңында ел намысын Санжар Тәшкенбай (48 кило), Даниял Сәбит (51 кило), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кило), Махмұд Сабырхан (57 кило), Талғат Сырымбетов (60 кило), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кило), Абзал Серік (57 кило), Сабыржан Аққалықов (71 кило), Диас Молжігітов (75 кило), Ерасыл Жақпеков (80 кило), Сағындық Тоғамбай (86 кило), Ерхат Бекзат (92 кило) және Аманат Сабырғали (+92 кило) қорғайды.
Айта кетейік, былтыр Ташкентте өткен Азия біріншілігіне Қазақстан құрамасы елдегі саяси жағдайға байланысты қатыса алмады. Сол бәсекеде ала тақиялы ағайындардың боксшылары 12 алтын, 1 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарған еді.