Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023

Алматы тауларында 18 қар көшкіні жүрді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде күніне жалпы көлемі 29 мың текше метрді құрайтын өздігінен болған 18 қар көшкіні түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында 18 қар көшкіні жүрді

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өзен арналары мен жолдар жабылмаған. Алматылықтар мен қала қонақтарына қалалық медиабордтар арқылы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі туралы хабарлама таратылып, СМС хабарламалар жіберіліп жатыр», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.