2 қаңтар күні таңертең полицияға үйлердің бірінде жылу жүйесі істен шыққаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, пәтерлердің бірінде құбыр жарылғанын, бөлмені ыстық су басып кеткенін анықтады.
«Пәтер ішінен құлыптаулы болған. Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің мәйітін тапты. Оның бірі үй иесі және оның екі құрбысы. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдердің өліміне күйік шалуы себеп болған», делінген хабарламада.
Іс сот-медициналық сараптамадан өтеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.