Қазақстан • 06 Қаңтар, 2023

Қазақстанда Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы ашылады

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Сейсмология институты мен Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияны Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығына біріктіру арқылы қайта құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы ашылады

«Заңнамада белгіленген тәртіппен «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС болып қайта құрылсын», делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, ЖШС қызметінің негізгі түрлері - сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерінің ғылыми болжамы, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілердегі сейсмикалық қауіпті бағалау, сондай-ақ елдің сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

Қаулы 2022 жылдың 21 желтоқсанда күшіне енді.