Қаржы • 06 Қаңтар, 2023

Солтүстік Қазақстан облысында инфляция деңгейі өсті

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында инфляция 20,6 пайызды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысында инфляция деңгейі өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда облыста азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын өнімдер - 19%-ға, ақылы қызметтер - 14%-ға өсті.

Бір жыл ішінде қант 55%-ға, ұн 44%-ға қымбаттады. Жарма 42%-ға, нан және кондитерлік өнімдер – 41%-ға, макарон өнімдері – 33%-ға, сүт өнімдері – 30%-ға жуық, алкогольсіз сусындар – 23%-ға, ет – 21%-ға өсті. Сондай-ақ жемістер 25%-ға, жаңа піскен көкөніс бағасы – 17%-ға жуық өскен.

Тазалау құралдарының бағасы 36%-дан астам, тұрмыстық техника - 2%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстауға және жөндеуге арналған материалдар - 19%-ға, киім мен аяқ киім - 17%-ға жуық, фармацевтикалық өнімдер - 14%-ға өсті.

Дәл осы кезеңде тұрғын үйді жалдау ақысы шамамен 47%-ға өскені байқалды. Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің құны, шаштараз және жеке күтім қызметтері 26%-ға қымбаттады.