«Өскемен-Горная Үлбі-Солтүстік» бағытының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл кезде жол жабылған еді. Жауапты мекеме қызметкерлері жолды қардан тазалады», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.
«Казселенқорғау» мамандары жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Қыс басталғалы облыста 80 мың текше метрден астам қар түсті.