Аймақтар • 07 Қаңтар, 2023

Ольга Булавкина ШҚО тұрғындарына Сенаттың жұмысы туралы баяндады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина Үлбі металлургия зауытының және «СЭС Өскемен АЭС» ЖШС қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ольга Булавкина ШҚО тұрғындарына Сенаттың жұмысы туралы баяндады

Сенатор Палатаның заң шығару қызметі, қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды күшейту, елімізді экономикалық дамытуға бағытталған заңдар және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі кешенді шараларды заңнамалық тұрғыда уақтылы қамтамасыз ету туралы жерлестеріне айтып берді.

ф

Кездесуге қатысушылар ластаушы заттардың шығарындысына оң ықпал ететін заманауи технологияларды кәсіпорындарға енгізу мен экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін де талқылады.

Сондай-ақ Ольга Булавкина Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болып, экологиялық қауіпсіздік мәселелері туралы дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа қатысушылар атмосфера ауасының ластануы мен ресурс үнемдеудің қолжетімді технологияларын енгізу мәселелеріне жан-жақты тоқталды.