3-5 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметтерімен және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялады, олардың 173-і балалар. Шамамен 100 автокөлікті қардан сүйреп шығарды.
«Осыған орай азаматтардан жолдағы жағдайды алдын ала біліп, аса қажеттіліксіз ешқайда шықпауды тағы да сұраймын. Жол қателікті кешірмейтіндігін есте сақтаған жөн!», деді Қ.Сұлтанбаев.
Ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге болады.