Елорда • 08 Қаңтар, 2023

Биыл елордада жаңа көпір ашылады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елордада жаңа көпір ашылады

Әкімнің айтуынша, бұл көпір жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы, жаңа вокзал ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері арасындағы қосымша қатынасты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар көлік қозғалысын жеңілдету үшін жаңа көшелер мен көпірлер салу қарастырылған. 

ф

Жеңіс Қасымбек аудандар мен коммуналдық қызметтердің алдында әлі де қар тазалау жұмыстарын жандандыру міндеті тұрғанын атап өтті.

«Ауа райының құбылмалылығын, соның ішінде ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, көлік көп жүретін аумақтарды, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарлар мен аялдамаларды қардан тазалауға баса назар аудару қажет», деп жазды әкім Instagram парақшасында.