Қоғам • 08 Қаңтар, 2023

Ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған браконьер ұсталды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған тұрғыны 200-ден астам ақбөкен мүйізін сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған браконьер ұсталды

фото: polisia.kz

«8 қаңтарда полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан арнайы жасақтарының қатысуымен киік мүйіздерін сатумен айналысқан күдіктіні ұстады. 32 жастағы ер адам Ақсу ауданының тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан 222 дана көлемінде жануар мүйізі тәркіленді», деп хабарлады Жетісу облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды.