Білім • 09 Қаңтар, 2023

Жеңімпаздарға грант берілді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электротехниканың теориялық негіздері», «Жылу техни­ка­сының теориялық негіздері» және физика-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды.

Жеңімпаздарға грант берілді

«Самұрық-Энерго» АҚ қолдауымен өтетін дәстүрлі олимпиадаға биыл физика-математика пәндері бойынша Алматы қаласы, Алматы об­лысы және басқа да өңір­лер­ден 32 мектеп оқушысы мен 35 студент қатысты. Олимпиада қатысушыларына сәт-сапар тілеген «Самұрық Энерго» АҚ компаниясының өкілдері Б.Нұрахманов және Д.Аймұратов «Энергетика ел экономикасының маңызды сала­ларының бірі. Болашағын энергетика саласымен байланыстыратын студенттер үшін университеттің олимпиадалық бағыттағы жобалары маңызды. Сондықтан ұстанған бағыттан таймау, сапалы білім алу, оқуда белсенді болу керек», деп атап өтті.

Олимпиада қорытындысына сәйкес бас жүлдеге «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтары бойынша бакалавриатта тегін оқу үшін арнайы гранттар және стипендиялар берілді. «Жылу техникасының теориялық негіз­дері» пәні бойынша 3-орынды Нұркелді Әуезхан, 4-орынды Анна Чеботарева иеленсе, «Элек­тротехниканың тео­риялық негіздері» пә­ні­нен 1-орынды Дәукеев атын­дағы АЭжБУ студенті Д.Түй­гім­баев, 2, 3-орын­ды әл-Фа­ра­би атындағы ҚазҰУ сту­дент­тері Н.Жасболат, А.Қош­ма­­ғанбетова еншіледі. Фи­зи­ка пәнінен 1-орын Ақ­бет Ер­мұхаметке, 2-орын Би­дах­мет Нұрбекке, 3-орын Гау­һар Амангелдіге бұйырды. Ма­­­те­матика пәнінен 1-орынды Ержан Абеев, 2-орынды Аман­­жол Есберген, 3-орынды Аделя Тұрғамбек иеленді. Олим­­­пиадаға қатысқан барлық оқу­­шылар мен студенттерге серти­фикат берілді.

 

АЛМАТЫ