Пікір • 09 Қаңтар, 2023

Адам құқығы сақталуға тиіс

515 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бір жыл бұрын болған қайғылы қаңтар оқиғасы елімізде ғана емес, халық­аралық қоғамдастықты да дүр сілкінтті. Соның салдарынан көптеген бейбіт аза­мат зардап шекті. Азаматтық қоғам атынан олардың конституциялық құ­қық­тары мен қауіпсіздігін қорғауда, сонымен қатар олардың әлеуметтік оңал­туын қамтамасыз етуіне байланысты кейбір жағдайға баса назар аударған жөн.

Адам құқығы сақталуға тиіс

Өткен жылдың 8 қаңтарынан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шақыруымен азаптаудың алдын алу жөніндегі үйлестіру жөніндегі кеңестің мүше ретінде және белсенді құқық қор­ғаушы Жеңіс Тұрмағамбетовамен бірге елі­міздегі бүкіл өңірдегі қылмыс­тық ат­қару жүйесі мен ұлттық қауіпсіздік орган­­дарына қарасты мекемелер мен үй жай­ларға мониторинг жасадық. Қазақ­стан­ның 17 өңірінде тергеу изоляторлары мен уа­қытша ұстау изоляторларына 133 пр­офи­лактикалық бақылау жүр­гізілді. Ең көп ұсталғандар мен заң бұзу­шы­лық­тар жөнінде хабарламалар түс­кен 8 қала­ға ерекше назар аударылды. Олар Ал­маты, Талдықорған, Өске­мен, Шым­кент, Атырау, Тараз, Қызыл­орда, Семей қала­лары. Адам құқық­тары жөніндегі уәкілд­ің атына 228 өтініш түсті, оның 111-і азаптау және қатыгез­дік көрсетуге қатысты.

Мониторинг жүргізу барысында адам құқықтарының бұзылмауы, ұстау жағдайы, адвокатқа қол жеткізу, процестік нормаларды сақтау, медициналық көмек алу секілді конституциялық кепілдік­тердің сақталуы ескертілді. Анықталған бұзушы­лық фактілер жедел түрде Бас про­ку­ратураға және Ішкі істер министр­лігіне хабарланды. Мониторинг кезінде шетел азаматтарының, осындай жағдайға алғаш рет кезіккендер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарына ерекше назар аударылды.

Бүгінде Қазақстанда жастарға ар­нал­­ған бағдарламалар енгізіліп жатыр. Осы бағ­­дарламалар жеткілікті қолдасақ, жас­тары­­мыз тап келген қаңтар оқиғасы секіл­ді жағ­­дайдың қайталануына жол бермейміз.

Өкінішке қарай, мониторинг барысында азаптау мен ар-намысты таптайтын өзге де қатыгездік түрлерін қолдану, психологиялық қысым көрсету расталды. Шағымдардың басым бөлігі сапалы құқық­тық қорғауды қамтамасыз етуге қатысты болды. Осыған байланыс­ты мем­лекеттік кепілдік берген заң көме­гін алуға құқығы бар адамдардың тізбесін азаптаулардың және қадір-қасиетті қор­лайтын өзге де қатыгездік түрлерінен зардап шеккендерге қосу ұсынылды. 2022 жылы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға тиісті түзету енгізілді.

Кез келген жағдайға сараптама жасау, сот про­цесін тергеу барысында негізгі құ­қық­­тар­ды сақ­таудың маңызы, сенімді ақпа­ратқа қол жет­кізуге келешекте мұндай оқиға­ның қай­та­лануының алдын алуына ықпал етеді.

 

Шахноза ХАСАНОВА,

«Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры