Әлем • 09 Қаңтар, 2023

Мексикада пойыздардың соқтығысуынан бір адам қаза тапты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексика астанасы Мехико қаласының солтүстігінде пойыздардың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мексикада пойыздардың соқтығысуынан бір адам қаза тапты

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Потреро және Ла Раза станциялары арасындағы үшінші метро желісінде болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері жедел жеткен. 

Мехико қаласының қауіпсіздік министрі Омар Гарсия әлеуметтік желіде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын және зардап шеккендерге қатысты ақпарат жаңартылатынын жазды. 

Апатқа байланысты метро желілерінде қозғалыс тоқтатылды, Мексика астанасының прокуратурасы қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. 

Айта кетейік, 2021 жылдың мамыр айында да Мексикада теміржолдағы апаттың кесірінен 26 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алған еді.