Спорт • 09 Қаңтар, 2023

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыз!

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылы Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада билеттерінің сатылымы жүріп жатыр. Жанкүйерлер сатылымның алғашқы кезеңінде «Өз ойындарыңды жинақта» атты билет пакеті арқылы бәсекенің бағдар­лама­сын ыңғайлы етіп жасақтай алады.

Мүмкіндікті өткізіп алмаңыз!

Ол үшін 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін https://tickets.paris2024.org сайтында тіркеуден өту қажет. 31 қаңтардан кейін толық тізім жасақталады. Егер сіздің өтінішіңіз лотереяда таңдалса, Make Your Games билет пакетін сатып аласыз. Ал 2023 жылғы 13 ақпанда тіркелген жанкүйерлер арасында жеребе өтеді. Бұл жайлы хабарлама әр адамның тіркеу кезінде көрсетілген электронды поштасына келеді. Ескерер жайт: хабарлама алған азаматтар 48 сағаттың ішінде электронды поштаға келген сілтемені ашып, хатты алғанын растауы керек. Сосын, билет таңдап, 15 ақпаннан 15 наурызға дейін сатып алуыңызға болады.

Make Your Games билет пакеті 72 еуро, ал жекелеген билет бағасы 24 еуро тұрады. Толық ақпаратты https://tickets.paris2024.org/ сайтынан таба аласыз.