Аталған тізімге жыл бойы ұйымдастырылған бокс кештерінің ішінен небәрі төрт кездесу ғана енген. Оның екеуі даңқты отандасымыз Геннадий Головкиннің қатысуымен өткен жекпе-жек кештер екенін айта кеткен жөн. Яғни біріншісі, 2022 жылдың сәуір айында жапониялық Рёта Муратамен өткізген айқасы болса, екіншісі – сол жылдың қыркүйек айында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен болған трилогиясы. Жерлесіміз Жапонияда жұдырықтасуда Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген болса, АҚШ-тағы айқаста Альварестен ұпай санымен жеңілген еді.
Сондай-ақ жыл үздігіне үміткер бокс кештерінің қатарында Тайсон Фьюри – Диллиан Уайт және Кэти Тейлор – Аманда Серрано жекпе-жектері бар.