Елорда • 11 Қаңтар, 2023

Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуде бірқатар мәселені талқылады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

«Аудан тұрғындары әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, абаттандыру, жылы аялдамалар, бейнебақылау камераларын орнату, жаңа маршруттарды іске қосу, интернет, инфрақұрылым нысандары және т.б. мәселелерді көтерді», деп жазды әкім.

Оның айтуынша, қалада сумен, жылумен, электрмен қосымша жабдықтау қажеттілігі бар.

«Келесі жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-3, екі газ жылу станциясының құрылысын аяқтауды тапсырдым. Бұл нысандар жылумен жабдықтау көлемін едәуір арттыруға, сол сияқты құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл ауыз су станциясын (ССС-3) толық қуатта іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл су беру мәселесін де шешеді. Дегенмен бірнеше жылдан кейін бұл да жеткіліксіз болады. Сол себепті қаланың бас жоспарының жобасына елорданың тіршілігін дұрыс қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар нысанның құрылысын енгіземіз», делінген жазбада.

Кездесуде тұрғындар №15 қалалық емхана мен №13 мектеп бойынша мәселелерді көтерді. 

Көктем мезгілінің келуімен аудандарды абаттандыру, жолдар мен тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу және т.б. бойынша жүйелі жұмыстар жалғасады.