Экономика • 11 Қаңтар, 2023

Елімізде мұнай өндіру көлемі өсті

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 84,2 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мұнай өндіру көлемі өсті

Оның айтуынша, былтыр Теңіз кен орнында - 29,2 млн тонна, Қарашығанақ кен орнында - 11,3 млн тонна, Қашағанда - 12,7 млн тонна мұнай өндірілді.

«2022 жылы мұнай экспорты 64,3 млн тоннаны құрады», деді министр Үкімет отырысында.

Болат Ақшолақовтың деректері бойынша, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін, оның ішінде дизель отынын өндіру көлемі – 5,2 млн тоннаға, мазут – 2,8 млн тоннаға, автобензин – 5 млн тоннаға, авиаотын – 0,7 млн тоннаға өсті.