Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев 1982 жылы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында туған.
2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ін тәмамдаған.
Қызмет жолын ОҚО Туризм және спорт басқармасының бас маманы ретінде бастап, әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
2013 жылдың мамырында ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы қызметіне тағайындалды.
Әлібек Нұрбайұлы облыс спортының тізгінін ұстаған шақта ОҚО спортшылары айтулы спорттық сындарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
2013 жылы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Оңтүстік Қазақстанды «Үздік өңір» деп таныды.
2014 жылы Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында ОҚО спортшылары ел намысын абыроймен қорғады.
2016 жылы Рио олимпиадасында облыс спортшылары бір күміс,бір қола медальді жеңіп алды.
Ол бұдан кейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы қызметін атқарды.
2018 жылы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясының директоры
2022 жылы Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры қызметін абыроймен атқарды.
Әлібек Нұртаев аралас жекпе-жектен ҚР спорт шебері, ҚР енбек сіңірген жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері.