FISU Дүниежүзілік студенттік ойындар деп аталатын Универсиада Олимпиада ойындарынан кейінгі ең ірі дода саналады. Қысқы Универсиадаға әлемнің 50 елінен келген студенттер қатысады.
Қазақстан намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноуборд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.