Алматыда көпқабатты үйдегі өрт кезінде екі адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы деректерге қарағанда, өрт Абай даңғылы, 89-үйдің астындағы дәмхана асханасында болған, кейін жалын 1-ші және 2-ші қабаттарындағы пәтерлерге көшкен. Сағат 16:31-де өрт сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 310 ш.м құрады.
«Өрттен зардап шеккен пәтердің тұрғындары қонақүйге орналастырылады. Эвакуацияланғандардың барлығы автобустарда жылынып отырды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Алматыда Орталық стадионға қарама-қарсы Абай даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Кеше
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Кеше
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Кеше
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар