Руханият • 13 Қаңтар, 2023

Балалар туындылары – Луврда

602 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде ғана емес, көптеген шетелде қанатын кеңге жая бастаған «Бүкіл әлемде – бейбітшілік» халықаралық жылжымалы көрмесі Қазақстан балалары үшін үлкен шығармашылық алаңына айналып үлгерді. Дарынды өрендерді, оның ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі суретші балалардың туындылары осы көрме аясында кеңінен насихатталып келеді.

Балалар туындылары – Луврда

Қазақстан Суретшілер одағы­ның мүшесі, кескіндемеші, Қа­зақ­стан балалар көрмесінің кураторы Болат Хамзиннің айтуын­ша, «Art palette» қоғамдық қоры бірнеше жыл бойы Қазақстан Мәдени дипломатиясы халық­аралық қауымдастығымен ынты­­мақтастықта  балалардың сурет­те­рін шетелдерде насихаттаумен айналысып келеді. Өткен жылы аталған қор тарапынан балалар шығармашылығы жобасы әзірленіп, «Бүкіл әлемде – бейбітшілік» ұранымен «Ұлы Жібек жолы» аясында көшпелі көрме бастау алған болатын.

Осы жоба бойынша өт­кен жылы Па­риж­дегі Лувр музейінде өткен әлем бала­ларының сурет  көрмесінде Қазақ­стан және Қырғызстан жеткіншектерінің де туындылары қойылды. Бұл көрме өнер­танушылар тарапынан жоғары бағасын алып, алдағы уақытта «Ұлы Жібек жолы» аясында Орталық Азия елдері мен Түркияда жалғасын табатын болады.

1

«Жобаға Қазақстан бала­ларының белсенді қатысуы ерекше назар аударуды қажет етеді. Сурет арқылы балалар қоршаған ортаға көзқарасын, ішкі көңіл-күйін білдіре алады. Олар салған суреттерде әдебиет, музыка, философия жиынтығы, адами құндылықтар  көрініс береді. Осы орайда талантты да талапты балаларға туған өлкесін ғана емес, әлемді тануға мүмкіндіктер қарас­тыру олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етеді», дейді Б.Хамзин.

1

Зарина Бәйменова, Арина Ерболқызы, Дәрігүл Таңатарова, Аяжан Ақылтай, Құралай Әмір­хан, Алина Жексембек, Әлі­бек Қадыров, Асқар Бей­шекеев, Ақбота Таусова, Да­мира Сағынай, Мансұр Шәкір­жан, Райназ Күшкімбаева, Ми­раш Тастемірова, Алмас Ерлер, Дамира Райназ, т.б. көп­­теген баланың суреттері бү­гінде «Мың бояулы әлем», ЮНЕСКО-ның  «Мәдениетттер мен дәстүрлер тоғысында» халықаралық конференциясы аясындағы балалар суреттерінің көрмесіне қойылып, сертифи­каттарға ие болған.

Бүгінде Қазақстан балалар су­реттерінің шығармашылық қор­жыны жаңа туындылармен толы­ғып, халықаралық бейбітшілік мис­­сиясындағы рөлін күшейтуге ықпал етіп келеді.

1

 

АЛМАТЫ