Спорт • 13 Қаңтар, 2023

«Алан» спорт кешені

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Наурызбай ауданында «Алан» спорт кешені ашылды. Зама­науи жабдықталған сек­ция­ларда 500-ден ас­там бала спортпен шұғыл­да­нады.

«Алан» спорт кешені

Кешеннің ашылуына ұйытқы болған Алматы қаласы іскер әйелдер қауымдастығының мү­шесі Шынар Бүгімбаеваның айтуынша, жоба балалардың саламатты өмір сүруіне бағытталған. Бүгінде мыңнан астам әйелді, олар­дың қатарында көпбалалы аналарды жұмыспен қамтып отырған «Qaganat» желісінің жетекшісі, төрт баланың анасы Шынар Бүгімбаева соңғы жылдарда қарқынды дамып келе жатқан Наурызбай ауданында салынған спорт кешенінде балалар үшін спортпен айна­лысуға толыққанды жағдай жасал­ған­дығын атап өтті.

1

Кешеннің ашылу салтанатына «Қазақстан барысы» тур­нирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл мен дзюдодан Азия жүлдегері Елдос Жұмаханов қа­тысып, жас спортшыларға сәт­тілік тіледі. Алматы қаласы Кәсіп­керлер палатасының өкілі Нияз Жалғасұлы балалардың алаңсыз спортпен айналысуы үшін мұндай нысандардың аса қажет екенін атап өтті. «Жаңа нысандардың бой көтеруі қалада жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сондықтан белсенді кәсіп­керлерді құптай отырып, әрдайым кеңес беруге дайынбыз», деді Н.Жалғасұлы.

Екі мың шаршы метр аумақты алып жатқан кешенде үш үлкен, үш шағын зал, сонымен бірге балалар тамақтанатын асхана бар.

 

АЛМАТЫ