Руханият • 13 Қаңтар, 2023

Асхат Оралов Мұрат Әуезовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған  «Өткірдің жүзі атты кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Асхат Оралов Мұрат Әуезовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда Олжас Сүлейменов, Смағұл Елубай, Төрегелді Шарманов, Бақытжан Қанапиянов, ақын-жазушылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ит

Министр Мұрат Әуезовті мерейтойымен құттықтай отырып, ұлт абыздарының ғұмыр жолы жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге екенін атап өтті.

«Өзіңіз сияқты замана тудырған заңғарларымыз көп емес. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз өскелең жас буынға қашанда темірқазық болуы қажет. Егемен елдің еңсесін тіктеп, тәуелсіздікке тұғыр болдыңыз. Біз өз кезегімізде, сіздер салған сол тағылымды таным жолымен  жарқын болашаққа айқын бағыт ұстануымыз керек. Әлі де шығармашылығыңыздан қол үзбей, сүбелі де сүйекті еңбектеріңізбен халық қазынасын молайта беріңіз», деді Асхат Оралов құттықтау сөзінде.

Ро

Кездесу аясында келген қонақтар мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады. Сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұрат Әуезовтің қызметі мен шығармашылығына арналған «Өткірдің жүзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше