Аймақтар • 14 Қаңтар, 2023

СҚО бойынша Сенат депутаты сайланды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО бойынша Сенат депутаты сайланды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үміткер ретінде тіркелген Гүлмира Кәрімоваға 144 адам дауыс берген.

Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры болған. 2013 жылдан 2017 жылға дейін қалалық білім бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып қызмет етіп келеді.