Аталған турнирде ресейлік теннисші Анастасия Павлюченковамен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз финалда бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстан-Ресей теннисшілерінен құралған жұп қарсыластарына екі сетте – 7:5, 7:6 (7:3) есебімен есе жіберді.
Е.Рыбакина мен А.Павлюченко бастапқы бәсекеде румыниялық Ана Богдан мен ресейлік Ангелина Габуева жұбын екі сетте жеңсе (7:6, 6:2), ширек финалда америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурден басым түсті – 6:3, 6:3. Ал жартылай финалда украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенконы жарыс жолынан ығыстырған болатын – 6:4. 7:5. Елена мен Анастасия турнирдің финалына дейін жеткені үшін 305 рейтингтік ұпай олжалап, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.