Футбол • 15 Қаңтар, 2023

The Best сыйлығынан үміткерлер

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федера­ция­сының (ФИФА) ресми сайтында жыл­дың ең үздік футболшысына бері­летін The Best сыйлығынан үміт­кер футболшылардың тізімі жарияланды.

The Best сыйлығынан үміткерлер

Бұл тізімге 2022 жылы жарқын ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлердің қоше­метіне бөленген 12 футболшы енген. Олар: Лионель Месси (ПСЖ, Аргентина), Карим Бензема («Реал», Франция), Хулиан Альварес («Манчестер Сити», Аргентина), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд, Ұлы­бри­тания), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия), Ашраф Хакими (ПСЖ, Марокко), Роберт Левандовски («Барселона», Польша), Лука Модрич («Реал», Хорватия), Неймар (ПСЖ, Бразилия), Мохаммед Салах («Ливерпуль», Мысыр) және Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия).