Теннис • 15 Қаңтар, 2023

Алғашқы қарсыластары анықталды

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Аустралияның Мельбурн қаласында теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы ең ірі төрт турнирдің бірі – Аустралияның ашық біріншілігінің жалауы желбірейді. Жүлде қоры 51,5 миллион АҚШ долларын құрайтын жарыстың жекелей бәсекесінде үш отандасымыз өнер көрсетеді. Күні кеше жарыстың жеребесі тартылып, Қазақстан теннисшілерінің алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.

Алғашқы қарсыластары анықталды

Мельбурндегі жарысты бі­рін­ші болып жерлестерімізден Қазақ­станның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина бастайды. Ол бүгін алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен ше­берлік байқасады. Екі теннис­ші бүгінге дейін кортта бір мәрте кездескен. 2017 жылы АҚШ ашық біріншілігінің 1/8 финалында Рыбакина италиялық теннисшіні екі сетте – 6:4, 6:0 есебімен еш қиындықсыз жең­ген болатын. Егер, Ры­бакина екінші айналымға өтіп жатса, әлем­дік рей­тингте 106-орында тұр­ған 22 жас­­тағы сло­­ве­ниялық Кайя Йуван немесе 20 жас­та­ғы франциялық Селена Яни­чие­вич­пен (185) ойнайды.

Ал ертең ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жо­ғары тұрған испаниялық Але­хандро Давидович-Фоки­намен кез­деседі. Бұл теннисшілер де әзірге өзара тек бір мәрте ше­берлік байқасқан. 2021 жылы Бар­селона корттарында өткен бә­секенің алғашқы кезеңінде Бублик қарсыласын үш сетте – 2:1 (2:6, 7:5, 6:2) есебімен тізе бүк­тірген. Александрдың екінші кезеңдегі ықтимал қарсыластары – 32 жастағы германиялық Ян-Леннард Штруфф (167) пен 35 жас­тағы америкалық Томми Пол (35).

Сондай-ақ ертең әлемдік рей­тингте 51-сатыда тұрған Юлия Путинцева әлемнің 43-ракет­касы румыниялық Сорана Кырстямен сайысқа түседі. Путинцева мен Кырстя бір-біріне өте жақсы та­ныс теннисшілер. Өйткені олар қа­зірге дейін кортта бес мәр­те кездескен. Үш бәсе­ке­де жерлесіміздің мерейі үс­тем болған болса, екеуінде румыниялық теннисшінің бағы жанған. Соңғы рет екі теннисші 2019 жылы Германиядағы тур­нирде бір-біріне қарсылас атан­ған. Сол жолы Юлия екі сетте – 6:4, 7:5 есебімен басым түс­кен. Егер Путинцева екін­ші айналымға шығып жат­са, қы­тайлық Сю Ван (49) немесе чехиялық Каролина Плиш­ковамен бақ сынайды.

Ал жұптық бәсекеде өнер көр­сететін Андрей Голубев – Алек­­сандр Недовесов, Алек­сандр Бублик – Джон-Па­трик Смит (Аустралия), Анна Данилина – Саня Мирза (Үн­дістан), Елена Рыбакина – Анас­тасия Павлюченкова (Ресей) және Юлия Путинцева – Со­фья Кениндердің (АҚШ) қарсы­лас­тары кейінірек бел­гілі болады.