Өнер • 15 Қаңтар, 2023

Кенептегі дала шежіресі

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде танымал суретші Алпысбай Қазғұловтың «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесі есік ашты. Көрмеге автордың жеке жинағынан алынған 100-ге жуық туынды қойылған.

Кенептегі дала шежіресі

Алпысбай Қазғұлов еліміздің бейнелеу өнеріне 1980-ші жылдары келген суретшілер буынына жатады. Бұл уақытта Қазақстанның көркемсурет өмірі шындықты көрсетудің жаңа аспектілерімен ерекшеленді. Оның шығармашылығының тақырыптары – уақыттың байланысы, ата-бабалардың рухани мұрасы, көшпенділер әлемі, ауыл мен дала философиясы, ежелгі әдет-ғұрыптардың сабақтастығы. Кескін­демешінің туындылары халықтық рух­қа толы, сонымен бірге заманауи көркем­дік процестердің проблемаларымен жақ­сы үйлеседі.

ва

– Суретшінің кескіндемесінің бей­не­лік қатары алуан түрлі. Оның кар­ти­налары сағымға ұқсайды. Жер, аспан, даланың шексіз кеңістігі, көш-керуендер, ат үстіндегі ерлер мен әйел­дер, кездесулер мен қоштасулар – бір кенептен екіншісіне ауысатын сю­жеттер. Кездейсоқ таң қалдыратын табан­ды­лықпен, түрленіп қайталанып отыратын, суретші бейне бір қол жетпейтін нәрсені – ұлттық болмыстың тынысын көрсеткісі келетіндей. Ол туралы Шыңғыс Айтматов: «Дала, ауыл, аула тақырыбымен шектелгеніне қарамастан, Алпысбай біздің санамыздың аясын кеңейтіп, қандай да бір тылсым жолмен өз картиналарына шын мәнінде ғарыштық ауқым береді», – деп жазды. Қазғұловтың колориті бай, ал компо­зицияның ұйымдастырылуы керемет – түс, бояу қабатының фактурасы және қылқаламның қозғалысы біртұтас, симфониялық дыбысқа біріктіріледі. Суретші бояуларды бірден кенепте араластыра отырып, композицияның жалпы түстік құрылымын жасай­ды. Кенептің беті күрделі құрылымдық жүйе ретінде жұмыс істейді, онда бір ғана бөлікті, жалпыға тиіспей өзгерту мүмкін емес. Фактура автордың бастан кешкен эмоцияларының толқынын көрсететін туындыны жазу кезіндегі түс ізденістердің күрделілігіне, бояу қа­бат­тарына тікелей байланысты. Сурет­шінің шығармаларындағы колорит – бұл тек үйлесімділік немесе ком­по­­зи­цияларындағы түс комбина­ция­ла­рының сұлулығы ғана емес, сонымен қатар қабілет, мәңгілікке жаңару, осы комбинацияларды іздеу, тақырыптың өзгеруімен бірдей шынайы дүниета­ным шеңберінде жаңа шешімдер табу қажеттілігі болып табылады, – дейді көрме жетекшісі, өнертанушы Самал Мамытова.

св

А.Қазғұлов бүгінгі күнге дейін екі мыңнан астам кескіндемелік туындылар жазды. Автордың айтуынша, алдымен, картинаның түстік шешімін табу ма­ңызды, ал сюжеттер өздігінен пайда бо­лады. Кейбір тақырыптар суретшіні ерекше шабыттандырды, сондықтан олар­ды циклдарға біріктіреді. Олардың ішінде: «Дала әуені», «Көшпенділер», «Көкпар», «Біздің ата-бабаларымыз», «Ғашықтар», «Түркістандағы көктем», «Кеңістіктегі ойын» және тағы басқалар.

пр

Алпысбай Қазғұлов 1958 жылы Қы­зылорда облысы, Арал қаласында дү­ниеге келген. 1980 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық инс­титутының көр­кемсурет-графика факультетін тәмам­даған. Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері және «Парасат» орденінің иегері, Президент сыйлығының лауреаты. 2003 жылы Еуропалық өнер одағының Масарик атындағы сый­лығымен марапатталды. 1978 жылдан халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі. Туындылары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана), Әбілхан Қастеев атында­ғы Мемлекеттік өнер музейінде, облыстық музейлер қорында, отандық және шетелдік жеке коллекцияларда сақталған.

ло      

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024