Өнер • 16 Қаңтар, 2023

2023: жоспар мен жоба

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жылдың басы әр шығармашылық ұжым үшін тың жобалар мен жаңалықтардың жарқын бастауы іспеттес. Ел астанасының мәдени ошағы «Астана Опера» театрында да осы маусым бірқатар премьераға толы болды. Мәселен, Дж.Пуччинидің «Богема», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Р.Ребектің хореографиясында С.Прокофьевтің «Күлбике» қиял-ғажайып балеті, А.Аданның шытырман оқиғалы «Корсар» балеті мен Күләш Байсейітова атындағы Камералық залдағы концерттер театр репертуарына ерекше серпін берді. Одан бөлек биылғы мерейтойлық маусымға орай гастрольдік сапарлар, «Жібек жолы» халықаралық опера және балет фестивалі мен Umai тұңғыш ұлттық сыйлығы театр тарихындағы айтулы оқиғалар тізбегінде қалды.

2023: жоспар мен жоба

Жаңа жыл­дың жоспа­рындағы шығарма­шы­лық жаңалықтар да аз емес. «Ас­тана Опера» театры­ның директоры Ғалым Ах­медьяров өнер ор­дасының ре­пертуарындағы алдағы өзгерістермен бөлісе отырып, мерейтойлық маусымда әй­гілі орындаушы­лар мен спек­такльдерді бе­зендіруге шетел­дің мық­ты мамандарын ар­найы ша­қыратынын айтты.

«Театр үшін мерейтойлық жыл В.А.Моцарттың музы­касына чех хореографы Иржи Ки­лианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы­мен жалғасады деп жос­пар­лап отырмыз. Сондай-ақ ком­позитор Герман Левен­скольд­тың «Сильфида» балетінің қойылымына дайындық жү­ріп жатыр. Одан бөлек шетел­дік әріптестермен бір­лес­­кен халықаралық жоба­лар әзір­ледік. Танымал ұжым­дар­дың біздің сахнада гас­троль­дік өнер көрсетулері де жос­парланып отыр. Мәселен, Борис Эйфманның балет театры келіп, «Анна Каренина» мен «Пигмалион эффектісі» спектакльдерін ұсынады», деді театр директоры.

Аталған өнер ұжымы бала­ларға арналған шығар­маларды да қамтып келеді. Бірнеше ай бұрын С.Прокофьевтің музыкасына «Күлбике» балетінің премье­расы өткен еді. Жа­қында Жолан Дәстеновтің «Қаң­бақ шал» ертегі-операсы репертуарға енгізілмек.

«Бұдан бөлек күзге қа­рай «Опералия» халық­аралық му­зыкалық фести­ва­лін өткі­земіз. Айта ке­тейік, бұл фести­вальдің ұйымдас­тырылып жүргеніне де жиырма жылдан асты, оның тарихы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрынан бас­талады. Екі онжылдықтан астам уақыт бойы оған әлем­дік опера мен балет сахна­сының жұлдыздары қатысты. Осы фестиваль аясында ба­лаларға арналған спектакльдер де көрсетіледі», дейді Ғ.Ах­­медьяров.

Иә, театр репертуары әр жыл сайын толығып, жаңа­рып отырады. Аталған шығармашылық ұжымының сахнасында да көптен бері қойылмаған кейбір спектакльдер осы жылы қайта жаңғыртылмақ.