Аустралиядағы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген жерлесіміз алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Қазақстан теннисшісі жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да Елена Рыбакина басымдық танытты – 7:5, 6:3.
Бір сағат 20 минутқа созылған матчта Елена 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Енді Е.Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.