Футбол • 16 Қаңтар, 2023

«Қайрат» қамшы салдырмай келеді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары өз мәресіне жет­­ті. Бұл турдың басты сенсациясын Орал­дың «Бәйтерек» командасы жа­сады.

«Қайрат» қамшы салдырмай келеді

Турнир кестесінің бел ортасында келе жатқан Оралдың «Бәйтерегі» былтырғы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері, Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жүр­ген Рудныйдың «Аят» клубын алғашқы ойын­да 5:4 есебімен жеңіп, кішігірім сенсация жасаған еді. Дегенмен ертеңіне өткен қарымта матчта «Аят» қарсыластарынан есе қайтарды – 4:0. Ал ел чемпионы – «Қай­рат» екі матчта да «Ордабасыны» 9:1, 9:0 есебімен сүріндірді.

22-23-тур матчтарынан кейін Алма­тының «Қайраты» 54 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Екінші орындағы «Аяттың» еншісінде 20 матчтан кейін 46 ұпайы бар. Кейінгі орындарға «Рахмет» (32 ұпай), «Ақтөбе» (29), «Атырау» (28), «Бәйтерек» (24), «Ордабасы» (20), «Астана» (19), «Кас­пий» (19) және «Жетісу» (8) жайғасқан.