ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 39 жастағы күдіктіден барлығы 28 келіден астам тыйым салынған заттар тәркіленген. Кейін ер адамның мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталған.
«Күдіктінің тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен ораманы тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес күдікті өз пәтерінде 28 килограмнан астам кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.