Теннис • 17 Қаңтар, 2023

Делиде дара шықты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жас теннисші қыз­дары Айя Нұпбай мен Асылжан Арыс­танбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жа­рысының жұптық сынында жеңім­паз атанды.

Делиде дара шықты

А.Нұпбай мен А.Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында елі­міздегі ең табысты жұп саналады. Олар Делидегі турнирдің финалында Тайланд теннис­шілерін екі сетте 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Өткен жылы қазақстандық жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Бұл – Айя мен Асыл­жан­ның бірлесе жеңген биылғы бірінші, жалпы 10-титулы.

«Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын, бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рахмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік», деді А.Нұпбай.

«Бұл – Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш бе­реді. Феде­рация мен Team Kazakhstan акаде­миясының барлық бапкеріне алғыс айтамыз», деді А.Арыстанбекова.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37