Бокс • 17 Қаңтар, 2023

Екі жерлесіміз – үздіктер санатында

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс туралы жазатын Worldboxingnews.net порталы дәл қа­зір­гі уақыттағы әлемдегі ең мықты деген 50 боксшының тізімін жариялады. Үздіктер санатында Қазақстанның екі былғары қолғап шебері бар.

Екі жерлесіміз – үздіктер санатында

Аталған рейтинг боксшылардың 2022 жылы өткізген жекпе-жектерінің нәти­жесіне қарай жасалған. Былтыр екі кездесу өткізіп, біреуінде жеңіп, біреуінде жеңілген орта салмақта WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин 27-орынға жайғасқан болса, 2022 жылы екі айқас өткізіп, екеуінде де қарсыласын тізе бүктірген осы салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 48-орында тұр.

Үздіктер тізімін ауыр салмақтағы әлем­нің абсолютті чемпионы украиналық Алек­сандр Усик бастап тұр. Екінші орында жапо­ниялық Наоя Иноуэ болса, үздік үштікті мек­сикалық Сауль Альварес түйіндеді.