Хоккей • 17 Қаңтар, 2023

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?

176 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Андрей Скабелка шәкірттері «Шығыс» конференциясының жарыс кестесінде 48 ұпаймен 11 команданың ішінде небәрі 10-орында келеді. Көш соңында тұрған «Амурдың» да еншісінде 48 ұпай бар. Егер, жерлестеріміз енді қалған 16 турда да еңсе тіктемесе, турнир кестесінде жоғары орыннан көрінуі былай тұрсын, Гагарин кубогі жолындағы жарысқа жолдама беретін үздік 8 клубтың қатарына іліне алмай қалуы әбден мүмкін.

«Барыс» плей-офф кезеңіне шыға ала ма?

Жаңа маусымның алдында «Барысты» бұған дейін екі жыл жаттықтырған, сол ара­лықта клубпен бірге тола­йым табыстарға қол жеткіз­ген Бе­ларусь маманы Андрей Ска­бел­ка команда тіз­гінін ұс­тағанда, жанкүйер­лер­дің қуа­нышында шек болған жоқ. Бар­лығы да Қазақ­стан ко­ман­­да­сының биыл­ғы тұрақ­ты біріншілікте тә­уір өнер көр­сететініне се­нім­ді бол­ған еді. Се­­бебі Андрей Вла­­димирович «Барыс» тіз­гінін ұс­таған алғашқы мау­сы­­мын­да-ақ (2018/19) елорда ұжы­­мының ҚХЛ-да бұрын-соң­ды көр­сетпеген нәтижесін тір­кеді. Яғни Құрлықтық хоккей ли­гасының тарихында бір маусымда жинаған ұпай саны бойын­ша рекорд орнатты. 62 ойында 86 ұпай жинады. Сонымен қатар Скабелканың басшылығымен өт­кен екі маусымда «Барыс» ойын­­шылары Чернышев дивизио­нында қатарынан екі жыл топ бастап, екі мәрте Гагарин кубогі жо­лындағы жарыстың жартылай финалына дейін жетті.

Осындай табысты нәти­же­лерден кейін «Барыс» жанкүйер­лері Беларусь маманының Қа­зақ­станға екінші рет оралуы да же­місті болады деп сенген еді. Өкі­ніш­ке қарай, «Барыс» хок­кей­­шілері биылғы маусымда жан­­­­күйерлерінің сенімін ақтай алмай отыр.

Жалпы, «Барыстың» биылғы маусымдағы сәтсіздігіне маман­дар әртүрлі болжам айтып жатыр. Көбісі Қазақстан коман­дасының басшылығы мау­сымаралық үзіліс кезінде тран­сфер саясатын дұ­рыс жүр­гіз­беді деп есептейді. Әрине, бұл пікірдің де жаны бар. Жаз мез­гілінде командадан тәжі­рибелі хоккейшілердің бір шоғыры кетті. Мәселен, кейінгі бес жылын «Барыста» өткізген қор­ғау­шы Валерий Орехов Маг­нито­горскінің «Метал­лур­гіне» ауысса, елордалық клубта табаны кү­ректей 14 маусым ойнаған Роман Старченко өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды.

Орехов ҚХЛ-да 211 матч өткізіп, 32 (8+24) ұпай жинады. Ал Қазақстан құрамасының капи­таны Старченко 740 матч­та 200 шайба соғып, 377 мәрте әріп­тестеріне нәтижелі пас бер­ген. Сондай-ақ Ро­ман Стар­ченко – «Барыс» тари­хындағы ең үздік екі сұрмер­генінің бірі. Міне, «Ба­рыс» бас­шылығы ко­ман­да­ның көш­басшысына, нағыз бет-бей­не­сіне айналған осын­дай хок­кей­шілерді оп-оңай өзге клуб­тарға жібере сал­­ған.

Ал олардың орнына 33 жас­тағы шау тартқан канадалық қор­ғаушы Алекс Грант, 28 жас­тағы Джесси Грэм мен 26 жас­тағы Нельсон Ножье, ҚХЛ ко­мандаларында жа­рытып ой­на­маған ресейлік хок­кейшілер – Юрий Сергиенко, Михаил Гри­­горьев, Иван Ми­щенко се­кілді ойын­шыларды ал­дыртты. Сондай-ақ шабуылшылардан АҚШ-тың тек төменгі лигаларын­да ойнаған Джереми Бракко мен Энтони Луисті аттай қалап алдыртты.

Аталған хоккейшілердің осы маусымдағы статистика­сы­на көз жүгіртсек, кімнің қай дең­гейде ойнап жатқанын оңай аңғарамыз. Мәселен, Алекс Грант биыл не­­бәрі 18 матч­та мұзайдынға шы­­ғып, бес мәрте мергендік таныт­­са, Джес­си Грэм барлығы 50 ойын­ға қа­ты­сып, бірде-бір шай­ба соқ­па­ған. Нельсон Ножье 36 кездесуде бір-ақ рет дәл­дік та­нытқан екен. Юрий Сер­гиенко, Михаил Григорьев пен Иван Ми­щенколар да бір реттен көзге түс­кеннен басқа ештеңе бітір­меген. Шабуыл­шылар Дже­реми Бракко мен Энтони Луис 46 және 47 матчта 10 шайбаны әрең қақпаға енгізген.