Спорт • 18 Қаңтар, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Марокконың бас шаһары – Рабатта стенд атудан Әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр. Кеше Қазақ­стан­ның әйелдер құрамасы скит бағдар­ламасында алтын медаль жеңіп алды.

Әлем кубогінде  топ жарды

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша Африка құрлығында ұйымдастырылған додада ел намысын Әсем Орынбай, Адель Садақбаева мен Зоя Кравченко қорғанды. Іріктеу кезеңінде үздік шыққан жерлестеріміз финалдық бәсекеде АҚШ спортшыларын 11-9 есебімен тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты.

Сәл ертеректе жекелей сында өнер көрсет­кен Зоя Кравченко 6-шы, Әсем Орынбай 10-сатыға тұрақтаған. Қазақстан құрамасы жал­пы­командалық есепте 1 алтынмен 3-орында тұр. Әлем кубогі 24 қаңтарда мәресіне жетеді.