Білім • 18 Қаңтар, 2023

Гарвардта оқығыңыз келсе…

239 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Mассачусетс университетіне қалай түсуге болады? Гарвардта оқу үшін қойылатын талаптар қандай? Роботтехника саласы несімен маңызды? Америкалық мұнай компаниясында жұмыс тәжірибесінен қалай өтеді? Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері осы сауалдарға жауап берді.

Гарвардта оқығыңыз келсе…

Альма-матер қабырғасында алғаш рет түлектердің «Сам­ғау» форумы өтті. Негіз­гі мақ­с­ат – Назарбаев зияткер­лік мектеп түлектерінің оқу­шы­ларға кәсіптік бағдар бе­руін қолдау. Түлектер мен оқу­шы­­лар арасындағы біре­гей диа­лог алаңына NIS Түлек­тер қауымдастығының бас­та­­м­асымен 300-ден астам қа­тысу­­шыларды жинады.

Аталған жиында 10-сынып оқушысы, форум спикерлерінің бірі Еркебұлан Миллат пен 2021 жылғы түлегі Әнуар Рысбек сөз сөйлеп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Бүгінде Әнуар – Мажарстан­ның Дебрецен университетінің авиация факультетінің 1-курс студенті. Ол өз сөзінде NIS қа­лыптастырған мультитаскинг, психоэмоционалды жағдайды бақылау, тайм-менеджмент сын­ды дағдылар университетте үз­дік студенттердің бірі болуы­на көмектескенін баса айтты.

2018 жылдың түлегі Антон Моргуновтың сөзі оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырды. Ол бірден АҚШ-тың бес үздік университетіне шақырту алған. Қазіргі уақытта MIT-тің (Массачусетс технологиялық институты) 4-курс студенті. Сон­дай-ақ ол Қазақстандағы мек­теп оқушылары үшін тегін он­лайн сабақтар өткізетін Beyond Curriculum білім беру он­лайн платформасының негізін қалаушы.

«Самғау» форумының пай­­дасы зор. Бұл – таңдаулы университеттерге түсудің егжей-тегжейі, сондай-ақ маман­­дық таңдауда не нәрсеге назар аудару керектігі туралы білу мүм­кіндігі. Мысалы, мені химик­ке математиканың терең құралдары қаншалықты қажет болатыны таң қалдырды»,  дейді А. Моргунов.

Жиын барысында әйгілі «Барқыт лигасына» енген Гар­вард университетінің 2-курс сту­денті Сезім Ертанатов пайдалы кеңестерімен бөлісіп, әрбір оқу­шының «Гарвардқа қалай түсуге болады?» деген көкейіндегі са­уалы­на жауап берді.

«Оқудағы жетістіктерім, көш­басшылық қасиеттерім, үл­кен жұмыс қабілетім жос­па­рымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Гарвардқа түсу кездейсоқ жағдай емес, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қол жетпес асу жоқ, арман болса орындалмайтын ешнәрсе жоқ»,  деп түйіндеді Сезім сөзін.

«NIS түлегі есімін алып жүру мен үшін үлкен мәртебе. Бү­гін спикер ретінде сөз сөйлеп, тәжі­рибеммен бөлісудің бірегей мүмкіндігіне ие болдым. Мен – болашақ дипломатпын, ынты­мақтастық, азаматтық жауап­кершілік, қазақстандық патрио­тизм сияқты құндылықтар мен­де де, мамандығымда да орын таба алатыны сөзсіз», дей­ді 2021 жыл­дың түлегі, Әл-Фа­раби атын­дағы ҚазҰУ 1-курс сту­денті Ажар Абитаева.

Форумның арнайы сессия­сында зияткер оқушылар тү­лектерді өздерінің ғылыми, әлеу­­­меттік, шығармашылық және IT жобаларымен таныс­тырды.

 

Жетісу облысы