Саясат • 19 Қаңтар, 2023

Роман Скляр «Газпром» басшысымен келіссөз жүргізді

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Санкт-Петербург қаласында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллердің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Роман Скляр «Газпром» басшысымен келіссөз жүргізді

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы табиғи газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары, атап айтқанда, Қазақстан газын Орынбор МӨЗ-інде қайта өңдеу мәселелері, ресейлік газды Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалық жобалары айқындалған жол картасына қол қойылды. 

Сондай-ақ кездесуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ермек Көшербаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов те төбе көрсетті.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ