Аталған мәселені аудан тұрғындарының бірі көтерді. Оның айтуынша, қаладағы базарлар маңында автотұрақтардың жетіспеушілігі ыңғайсыздық тудырады.
Алматы әкімі бұл сауалға жауап бере отырып, қала бойынша көпдеңгейлі автотұрақтар салынатынын атап өтті.
«Біз қала бойынша көпдеңгейлі автотұрақтарды ашамыз. Паркингтен түсетін кірістер жергілікті бюджетке түседі. Биыл бағдарламаны бастаймыз, орын іздеу жүріп жатыр», деді Ерболат Досаев.