Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бір күн бұрын сағат 23:30-да Алматының Бостандық ауданында болған.
«Шевролет көлігінің жүргізушісі 2003 жылы туған азамат К. әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады полиция департаментінен.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.