Жетісу жерінің 4 млн 634 мың гектары ауыл шаруашылығына тиесілі. Оның 3 млн 847 мың гектары жайылымдық алқапты құрайды.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Былтыр аэроғарыштық зерттеулер арқылы 857,2 мың гектар аумақ бос жатқаны белгілі болды. Сөйтіп, оның 128,5 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде мал шаруашылығымен айналысуға бейіл азамат көп, әйтсе де жер тапшы. Осы мәселеге бір зер салып көрсек.
Жер жаннаты Жетісу өңірі – аграрлы аймақ. Жер көлемі 11 млн 846 мың гектарды құрайды. Өңірлердегі тұрғындардың көбі егін егіп, мал ұстайды. Бірақ ұшы-қиырына көз жетпейтін кең-байтақ далада мал жаятын жердің жоқтығы – бүгінгі өзекті мәселелердің бірі. Қазір қай ауылға барсаң да тұрғындар: «Мал бар, жайылым жоқ, жердің бәрі жекеменшікке өтіп кеткен», деп зар илейді.
Ауылдарда егістікті былай қойып, малды тұяғы жеткен жерге дейін жаю тұрғындар үшін мұңға айналған.
Шыны керек, ауыл адамдарының көбі мал арқылы күнелтіп отыр. Жер жекеменшікке өткеннің салдарынан жайылымдық жер аз, жемшөп құны қымбат. Мұны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жатқан жайылым жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырған. Жетісу жұртшылығын атап көрсетілген мәселелер айрықша назар аудартты. Облысымыздағы пайдаланылмай жатқан жерлер, жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын жер инспекциясы мамандарынан сұрап-білдік.
Облыс бойынша 358 елді мекен тұрғындарының төрт түлігі үшін барлығы 719,4 мың га жайылымдық алқап бекітілген. Бұған қоса орман қорында 769 мың гектар және ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда 329 мың гектар жайылымдық алқаптар бар. Қазіргі таңда алдын ала есеп бойынша бұған қосымша 688 мың гектар жайылымға қажеттілік бары анықталып отыр. Осы мақсатта ауылдарда аналық мал басына түгендеу жүргізілуде.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінде өңірдің өзіндік қосалқы шаруашылықтарында 1,5 млн мал басы бар. Оның ішінде ірі қара – 310 мың, ұсақ мал – 1 млн 100 мың, жылқы – 74 мың және 195 түйе бар. Мониторинг жұмыстары толық аяқталған соң, облыстағы 2,8 млн гектар босалқы қор жерінен жайылымдық алқаптар беріледі.
Бүгінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты облыстық комиссия тексеріс жүргізіп, қомақты жұмыс атқаруда. Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан пайдаланбай жатқан 401,7 мың гектар жайылымдық жерлерге немесе 1 418 жер иесіне анықталған бұзушылықтарды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілген.
Енді қараңыз, Ақсудағы 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөлдегі 122 субъектіге, жалпы ауданы – 51,6 мың га, Ескелдідегі 47 субъектіге, жалпы ауданы – 20,4 мың га, Кербұлақтағы 159 субъектіге, жалпы ауданы – 42,9 мың га, Көксудағы 191 субъектіге, жалпы ауданы – 61,8 мың га, Қараталдағы 110 субъектіге, жалпы ауданы – 52,7 мың га, Панфиловтегі 15 субъектіге, жалпы ауданы – 5,3 мың га, Сарқандағы 247 субъектіге, жалпы ауданы – 53,1 мың га, Талдықорғандағы 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га жерлерге зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жүргізген мониторинг нәтижесінде 327 мың гектар жайылымның иелерінде идентификация базасында мал басы тіркелгені анықталды. Қалған жерлерге мониторинг және тексеріс жүргізілуде. Бүгінге дейін жер инспекциясы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, былтыр 27 жер пайдаланушыға (58,1 мың гектар) тексеріс жүргізіп, 14-іне (31,6 мың гектар) заң бұзушылықты жою туралы нұсқама беріпті. Сонымен қатар Сарқан, Алакөл аудандары бойынша малы жоқ 45 шаруашылыққа (52 мың гектар) тексеріс жүргізу туралы хабарлама тарату жұмысы жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша да нақты шаралар атқарылуда.
Сонымен Ақсу ауданындағы 40 174,7 га, Алакөл ауданындағы 24 966,0 га, Ескелді ауданындағы 4 033,6 га, Қаратал ауданындағы 20 178,8 га, Кербұлақ ауданындағы 9 403,2 га, Көксу ауданындағы 7 632,6 га, Сарқан ауданындағы 10 487,4 га, Панфилов ауданындағы 11 551,3 га, Талдықорған қаласындағы 81,0 га жер қазір толықтай мемлекет меншігіне өтті. Бұл – жалпы көлемі 128,5 мың га жер халықтың игілігіне беріледі деген сөз. Қайтарылған жерлер орналасқан орны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді.
«Жетісуда бос жатқан жерлер жетеді, бірақ бәрі – жекеменшік. Осындағы бай-бағландардан артылмайды. Әрине, малдың басын көбейтіп, атакәсіппен айналысайын десеңіз, малға өріс керек, бірақ жер тапшы. Жердің кезегінде тұрғаныма 6 жыл болды. Алға жылжитын да түрі жоқ. Жаңа заң енгізгелі пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне алуда. Бұл – жақсы үрдіс. Енді сол қайтарған жайылымдық жерлерді біз секілді қарапайым шаруа иелеріне берсе, ісіміз ілгерілейтін еді», дейді қала тұрғыны Арман Балапанов.
Мамандар жердің игілігін халық көретінін, сол себепті иесіз, игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатындағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты. Алдағы уақытта да жұмыс осы қарқынмен жалғаса беретінін жеткізді.
Иә, жер болса, кәсібін ашамыз деп отырған еңбекқор жандар аз емес. Бос жатқан жер жұртшылыққа берілсе, шаруашылықпен айналысамын дегендерге жағдай жасалса, облысымыздың экономикасы өркендейтіні анық. Өйткені ауыл шаруашылығы саласының дамуы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі осыған тікелей байланысты.
Жетісу облысы
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Бүгін, 21:18
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Бүгін, 21:13
Қоғам • Бүгін, 21:10
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальге қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:07
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 12:10
«Астана» өз алаңында «Енисейден» жеңілді
Спорт • Бүгін, 11:53
Шымбұлақтағы рестобардан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Ауа райы • Бүгін, 09:37
Риддер тұрғыны 2 жасар баласын балконнан құлатып алды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар