Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағашта жергілікті тұрғын сірке суына уланып қалған

«20 қаңтарда Сарыағаш АПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып түскені туралы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді», делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі және болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүріп жатыр.