ҚАЗТЕСТ электронды сертификатында алушының деректері, жинаған балы, жарамдылық мерзімі және QR-коды көрсетіледі, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
«Бұған дейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат қағаз түрінде берілетін. Енді докторантураға түсушілер, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері және басқалары ҚАЗТЕСТ сертификаттарын электронды форматта алатын болады. Алайда жарамдылық мерзімі өтпеген қағаз нұсқадағы сертификаттардың жарамдылығы сақталады», деп атап өтті ҰТО директоры Руслан Емелбаев.