Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Алматы әкімі панельді үйлерге қатысты пікір білдірді

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы панельді үйлерге қатысты пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімі панельді үйлерге қатысты пікір білдірді

Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жергілікті тұрғындардың бірі қала тарихын сақтау жөніндегі пікірін айтқан еді.

«Сіздерден қала тарихын сақтап қалуларыңызды сұраймын. Егер қалада үй немесе тағы басқа ғимараттар тұрғызуға рұқсат берілсе, кем дегенде қаланың орталығына тиіспеңіздер, себебі бұл біздің тарихымыз, Алматы тұрғыны ретінде бұл мен үшін өте маңызды мәселе», деді жергілікті тұрғын.

Досаевтың айтуынша, өткен жылы жаңа нормалар қаралып, 2018 жылдан бастап қаланы дамыту және абаттандыруды шектейтін нормалар қабылданған. Өткен жылдың күзінен бастап әкімдікке ұсынылған жаңа жобалардың барлығы Алматы қаласының қала құрылысы кеңесінде қаралып келген.

«Біз қаланың тарихи келбетін барынша сақтауға тырысамыз, бірақ модернизация міндетті түрде болады, өйткені тұрғындар өзгелер сияқты өркениеттің барлық игілігін сезінгісі келеді. Өкінішке қарай, панельді үйлерді жаңарту мүмкін емес. Бұл үйлер, әрине, тарих болып саналады, бірақ оларды бұзу керек деп санаймын. Өйткені 25 жылдан астам уақыт бойы біз өскен ықшам аудандардағы панельді үйлер кішкене соққыға да шыдай алмайды. Қала жаңарады, оның тарихи келбетін де сақтаймыз, бірақ инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары толығымен жүзеге асады», деді Досаев.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ